Еңбекті қорғау


Еңбекті қорғау саласындағы саясат

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бөлімі өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының "Қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі туралы" заңдарын негізге алады.
Өндірісте еңбекке қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасау мен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру жүргізіледі.
Жұмысшылардың еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдарын, белгіленген ережелер мен нормаларын сақтауын күнделікті қадағалау жүргізіледі. Өндірістік процесстер мен жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі бақыланады.