Экологиялық саясат


"Стандарт Цемент" ЖШС заманауи технологиялар негізінде цемент өндірісінің тұрақты және қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге қажетті өндірістік потенциалға ие.

"Стандарт Цемент" ЖШС өз жұмысында өндірістік қызмет нәтижесінің қоршаған ортаға кері әсерін азайтады.
Кәсіпорынның ластану көздері аса тиімді жеңдік және электростатикалық сүзгілермен жабдықталған. Сүзгілердің шаңтұту тиімділігі 99,98 % құрайды, бұл зерттеу жұмыстарымен дәлелденген.
Тоқсан сайын атмосфералық ауаға әсер ету аймағында қоршаған орта жағдайының мониторингі жасалады.